jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің қасбеті баланың үстіне опырылып құлады (видео)

    Қасбет бөлігінің баланың үстіне құлап бара жатқан сәті
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/myastanacity

    Желіде үйдің қасбетінің бір бөлігі баланың басына опырылып түскен сәті көрсетілген видео тарады. Астана әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайынан хабардар етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram-дағы "Астана - Что? Где? Когда?" арнасында жарияланды.

    Видеодан подъезден шығып келе жатқан балаға қасбеттің опырылып құлаған сәтін көруге боалды. Баланың соңынан ересек адам шығады.

    Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл жайт бір күн бұрын, 12 мамырда Астанада болғанын хабарлады.

    "№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне 2013 жылы туған бала бастың самай бөлігіндегі жарақатқа шағымданып келді.

    Қарап тексергенде соғылған-нүктелі жара анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық", - делінген ведомство хабарламасында.

    Сондай-ақ бала хирургтің амбулаторлық бақылауына жіберіліп, тиісті ұсыныстар берілгені атап өтілді.

    Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің қасбеті баланың үстіне опырылып құлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.