jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Жезқазғанда ер адам полиция көлігінде қайтыс болды

    Полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жезқазғанда медициналық мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан ер адам полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Ұлытау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жанжал шығарып жатқанын хабарлаған.

    Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ер адамды медициналық мекемеге тексеру үшін алып бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін байқаған, көп ұзамай ол қайтыс болып кеткен.

    Сараптама қорытындысы бойынша, ер адам алкогольдік кардиомиопатия салдарынан жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінде заңбұзушылық болмағанын анықтады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Жезқазғанда ер адам полиция көлігінде қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.