jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Баянауылда түнгі уақытта екі бала суға батып кетті

    Баянауыл
    Баянауыл. Фото: Depisitphotos.com

    Түнде Баянауыл ауданындағы Торайғыр көлінде екі бала суға батып кетті. Балалардың батып кеткені туралы хабарлама құтқарушыларға бүгін түнде келіп түскен. ТЖМ қызметкерлері келіп жеткенше куәгерлер балалардың бірін судан алып шыққан, деп хабарлайды өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, 28 маусымда сағат 00:58-де 2011 және 2013 жылы туған ағайынды тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Құтқарушылар дереу оқиға орнына жіберілген, бірақ олар жеткенше балалардың бірінің денесі судан алып шығарылған.

    "Қайғылы оқиға куәгерлері судан 2013 жылы туған баланың денесін шығарды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы таңғы сағат 05:15-те 2011 жылы туған баланың денесін тауып, судан шығарды", - деді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

    Баянауылда түнгі уақытта екі бала суға батып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.