jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда ойын алаңында баланы тоқ соққан: тұрғындар электр желісіндегі ақауға шағымданды

    Павлодардағы электр желісі
    Павлодардағы электр желісі. Фото: almaty.tv

    Павлодарда үй маңында жүріп-ақ электр желісінен зардап шегетіндер көбейген. Мәселен, балалар алаңқайға ойнаймыз деп шығып, ауыр жағдайда ауруханаға түсетін жағдайы жиілепті. Енді өңірдегі ата-аналар жергілікті биліктен шұғыл әрекет етуді талап етеді. Алайда жұрттың жанайқайы жауапсыз қалған, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

    Телеарна мәліметінше, былтыр дәл осы жерде бір ойын баласы тоққа түскен екен. Тұрғындардың айтуынша айналадағы бағандар апатты күйде, оларға 30 жылдан бері еш жөндеу жүргізілмепті, тексеріс те болмаған. Шағым айтқан жұрт ендігіде желілерді жер астынан жүргізуді талап етеді.

    "Бармаған жеріміз, шағымданбаған орнымыз қалмады. Жыл бойы арызымызды арқалап әр есікке барамыз, тыңдап жатқан жан жоқ. Міне, осы тірек өткен жылы қатты бұзылып, ұшқындары жан-жаққа шашыраған. Тіпті бір бала токқа түскен", - деді қала тұрғыны Людмила Юзюк.

    Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің мәліметінше, жаз басталғалы электр тоғынан зардап шеккен балалардың саны едәуір артқан. Жыл сайын демалыс кезеңінде стационарға 5-тен 15-ке дейін бүлдіршін мен жасөспірімдер түседі.

    "Ток соққанда бала ең ауыр жағдайда сол жерде өліп кетуі мүмкін. Сонымен қатар бұл жүрек-қан тамырлары патологиясы, жүрек қағысының бұзылуы және күйіктерге алып келеді", - деді облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Фариза Милушева.

    Бір ай бұрын облыстық балалар ауруханасына көшедегі электр тоғынан зардап шеккен бала түскен. Қазір оның жағдайы қалыпты. Жергілікті әкімдік бұл оқыс оқиға бойынша тексеріс жүргізіп, қауіпті аймақты қалыпқа келтіріп үлгеріпті. Ал тұрғындар шағымы бойынша жауапты органдар мен Павлодар электр желісін тарату компаниясының мамандары оқиға орнына барып, сараптама жасаған. Оның нәтижесін күткісі келмеген жұртшылық прокуратураға шағым түсірген.

    Павлодарда ойын алаңында баланы тоқ соққан: тұрғындар электр желісіндегі ақауға шағымданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.