jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында жүргізуші көлік айдап келе жатып қайтыс болды

    Көлік жүргізіп келе жатқан адам
    Көлік жүргізіп келе жатқан адам. Көрнекі фото: AzmanL / Getty Images

    Ақмола облысында ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды. Аталған дерек бойынша сараптама тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 шілдеде Ақмола облысында болған.

    "Көлік жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатып кенет әлсіреп, рульде отырған күйі көз жұмған", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Ақмола облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, неврологиялық және басқа да аурулармен ауыратындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Күн ыстықта жол жүруден аулақ болу керек, егер денсаулығыңыз сыр берсе, көлікті тоқтатып, 103 нөміріне қоңырау шалу керек, дейді мамандар.

    "Автокөлік ішіндегі жоғары температура одан сайын шаршатып, сондықтан көлікте ауыз су мен қажетті дәрі-дәрмектері бар алғашқы медициналық көмек қобдишасы бар болуын қадағалаңыз", - дейді ПД өкілдері.

    Ақмола облысында жүргізуші көлік айдап келе жатып қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.