jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апат: зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

    Аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: depositphotos.com

    Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Денесінің 90 пайызын күйік шалған 1999 жылы туған, жағдайы өте ауыр болған науқас қайтыс болды", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

    Еске салсақ, 20 шілде таңғы сағат 04:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында апат болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.

    Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

    Кейін полиция өкілдері осы жайт бойынша Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    Кейін Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшылардың ауруханада бірі қайтыс болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.