jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда үш жасар баланы фонтанның сорғышы тартып әкеткен

    Бала көз жұмған фонтан
    Бала көз жұмған фонтан. Фото: Атырау облысы ПД

    Кеше, 26 шілдеде Атырау облысында оқыс жағдай болды – үш жасар баланы фонтанның сорғысы тартып алған. Салдарынан бала қайтыс болды, деп хабарлайды полицияға сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.

    Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 26 шілде күні сағат 17:50-де болған.

    Полицейлердің ақпаратынша, Әйтеке би көшесіндегі фонтанның ішіндегі айналмалы сорғыға 2021 жылы туған баланың аяғы тартылып, салдарынан бала көз жұмған.

    "Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, толықтай тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.

    Атырауда үш жасар баланы фонтанның сорғышы тартып әкеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.