jitsu gif
Оқыс оқиға

    Екібастұзда терезеден құлаған үш жасар бала көз жұмды

    Терезеден қарап тұрған бала
    Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Екібастұзда 3 жасар бала терезеден құлап қайтыс болды. Оқиға 5 тамыз күні кешке болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Екібастұзда 3 жасар бала 5-қабаттағы терезеден құлап кетті. 
    • Оқиға 5 тамыз күні кешке болған, жедел жәрдем қызметкерлері баланы дереу ауруханаға жеткізген.
    • Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала келесі күні ауыр жарақаттан қайтыс болған.

    Облыстық жедел жәрдем станциясының ақпаратынша, дүйсенбіде сағат 17.07-де қоңырау келіп түскен.

    Оқиға орнына жеткен дәрігерлер үш минуттан кейін баланы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді.

    2021 жылы туған баланың 5-қабаттың терезесінен құлағаны анықталды. Жедел медициналық көмек көрсетілгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

    "Ол келесі күні ауыр жарақаттан қайтыс болды", - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

    Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында екі жасар бала терезеден құлап кеткен еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.