jitsu gif
Оқыс оқиға

    Екібастұздағы балабақшада бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойған

    Бүлдіршін
    Бүлдіршін. Көрнекі фото: Manu Vega / Getty Images

    Екібастұздағы балабақшада бес жасар бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойды. Қазір бала ауруханада, оның жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Жергілікті басылымның хабарлауынша, оқиға Екібастұздағы балабақшалардың бірінде болған. Бес жасар балаға жедел жәрдем көлігі 15 тамыз сағат 16:51-де шақырылған. Ал медицина қызметкерлері балаға алдын ала химиялық затпен улану диагнозын қойған.

    Қазір баланың жағдайы орташа ауыр. Ақ халаттылар оның ауыз қуысы күйгенін айтып отыр.

    Қалалық білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, балабақша тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуатын орынға химиялық сұйықтық қалдырып кеткен. Осы уақытта бала ыдысты алып, ішіп қойған.

    Кінәлілерге қатысты жаза тергеу аяқталғаннан кейін қолданылады.

    Екібастұздағы балабақшада бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.