jitsu gif
Оқыс оқиға

    Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинат аумағында екі жұмысшы қаза тапты

    Шахта іші
    Шахта іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинатта екі жұмысшы қаза тапты. Олар биіктен құлап кеткен, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

    "2024 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында Qarmet АҚ-ның №2 прокат цехындағы нысанында қайғылы оқиға болды. Шамамен таңғы сағат 9:20-да Химиялық қалпына келтіру блогының шатырын бөлшектеру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері биіктен құлап кетті", - деп хабарлады Qarmet АҚ баспасөз қызметі.

    Басылым мәліметінше, 2005 жылы туған Иманғалиев Д. және 1986 жылы туған Самойлов Ю. алған жарақаттар салдарынан қаза тапқан.

    Компания қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін осы іс бойынша арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.