jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-да тауға баласымен жидек теруге шыққан ер адам қайтыс болды

    Оқиға болған жер
    Оқиға болған жер. Фото: yk-news.kz

    Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында ұлымен бірге таулы аймаққа жидек теруге шыққан 65 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, 27 тамызда Полян ауылдық округінің тұрғыны ұлымен бірге тауға шыққан. Жолда Дородница ауылының маңында ер адам қайтыс болды.

    Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Таулы жерден ер адамның денесін алып түсу үшін Алтай өңірінен жедел құтқару жасағының көмегі қажет болды.

    Айта кетейік, бұған дейін Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында туристік маршрут кезінде 14 жастағы жасөспірім құлап, бірнеше жарақат алып, таудан түсе алмаған.

    Құтқарушылар оны таудан түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.

    ШҚО-да тауға баласымен жидек теруге шыққан ер адам қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.