jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда бала ашық тұрған құдыққа құлап кетті

    Құдықтағы бала. Фото
    Құдықтағы бала. Фото: t.me/qr_tjm

    Қарағандыда ашық тұрған құдыққа құлап кеткен 10 жастағы балаға құтқарушылар көмекке келді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің Telegram-дағы арнасында Қарағандыда 10 жастағы балаға көмек көрсетілгені туралы хабарлады.

    "Бүгін Қарағанды ​​қаласындағы Ә.Бөкейханов ауданында, Қ.Цеткин көшесінде 2014 жылы туған бала абайсызда ашық тұрған құдыққа құлап кетті. Құтқарушылар баспалдақ арқылы өздігінен шыға алмай қалған жасөспірімді құдықтан алып шықты", - делінген хабарламада.

    Балаға медициналық көмек қажет емес.

    Еске салайық, 18 наурызда Түркістан облысында тұрғын тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап кеткен еді. Құтқарушылар оны бірнеше сағаттан кейін құдықтан шығарғанмен, келіншек көп ұзамай көз жұмды.

    Қызды құтқару үшін 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегі жіберген. Жергілікті тұрғын көмекке келген.

    Қарағандыда бала ашық тұрған құдыққа құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.