jitsu gif
Оқыс оқиға

    ШҚО-дағы шахтада тағы бір жұмысшы қаза тапты

    Кенші
    Кенші. Көрнекі фото: Juan Jose Napuri / Getty Images

    Шығыс Қазақстанда тағы да қайғылы жағдай болып, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға "Артемьев" шахтасында болған, деп хабарлайды KAZ Minerals.

    "1 қыркүйекке қараған түні "Артемьев" шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болды", - делінген хабарда.

    KAZ Minerals мән-жай мен себептері анықталып жатқанын, қайғылы жағдайларды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылғанын мәлімдеді. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу үшін өңірге барған.

    "KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Компания отбасыларға жан-жақты көмек көрсетеді", - делінген хабарда.

    Еске салсақ, 31 тамызда "Ертіс" шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар төрт жұмыскердің денесі табылды. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.

    Осыдан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.