jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

    Терезе қасында отырған бала
    Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде екінші қабаттан үш жасар бала құлап кетті. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін айтып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Оқыс оқиға 16 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болды. Бала алты қабаттан тұратын тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. 2021 жылы туған бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деп жауап берді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Фаруза Қайроллина.

    Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы аса ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

    Мамандар соңғы кезде ашық қалған терезеден құлау деректері жиілеп кеткенін айтады. Жыл басынан бері Атырауда 8 бала құлап, зардап шеккен. Бір бала қайтыс болған.

    ТЖД қызметкерлері профилактикалық шаралардың жиі өткізілетінін айтып, ата-аналарға сақ болуды ескертеді.

    Автор: Әйгерім Сайқын

    Атырауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.