jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да квадроцикл аударылып, төрт жасар бала қаза тапты

    квадроцикл
    Квадроцикл. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 19 қыркүйекте таңертең СҚО-да жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, квадроцикл аударылып қалды. Кішкентай жолаушы алған жарақатының салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте таңертең сағат 10.30 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында болған.

    "56 жастағы ер адам үйінің ауласында Polaris квадроциклін жүргізіп келе жатып, рульді басқара алмай, квадроцикалды аударып алған", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

    Оқиға салдарынан 4 жасар бала орталық облыстық ауруханаға жеткізіліп, алған жарақаттарынан қаза тапты. Квадроцикл жүргізушісі де ауруханаға жатқызылды.

    Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    СҚО-да квадроцикл аударылып, төрт жасар бала қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.