jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда 4 жасар баланы ұрып-соғуға қатысты тергеу жүріп жатыр: анасы видеоүндеу жолдады

    Кішкентай бала
    Кішкентай бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Петропавлдағы ауруханалардың біріне 4 жасар бала дене жарақаттарымен түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Желіде көпшіліктен көмек сұраған Петропавл тұрғынының видеосы тарады. Ол жақында ұлы баспалдақтан құлап, жарақат алғанын және қолын сындырғанын айтты. Сөзінше, ауруханада хирургтар баланы ұрып-соққан деген шешімге келген.

    Одан бөлек, келіншек қамқоршылық органын баласын ұрлады деп айыптап отыр. Айтуынша, ол ауруханада жатқанда ұлын қамқоршылық органы өкілдері алып кеткен. Видеода әйел балаларын ешқашан ұрмағанын айтқан.

    Бейнежазба Солтүстік Қазақстан облысының барлық Instagram парақшаларында тарады. KAZ.NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін өңірлік ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

    "23 қыркүйек күні қаладағы медициналық мекемелердің біріне 4 жасар бала дене жарақаттарымен түскені туралы қоңырау түсті. Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жүргізілуде", - деді СҚО ПД баспасөз қызметінде.

    Петропавлда 4 жасар баланы ұрып-соғуға қатысты тергеу жүріп жатыр: анасы видеоүндеу жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.