jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі егістік алқабынан табылды

    ер адам4
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылының маңындағы егістік алқабынан бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлайды.

    Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылының маңындағы егістік алқаптан 51 жастағы ер адамның денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Марқұм 2 қарашада із-түссіз жоғалып кеткен.

    Телеарна ақпаратынша, ол Алматыдағы ломбардтардың бірінде бағалаушы болып жұмыс істеген. Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша тергеуді бастады. Күдіктілер ұсталған.

    "Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді Алматы облысы ПД бөлім басшысы Ернар Сайділдин.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.