jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада 4 бала қаза тапқан өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

    Қылмыстық іс бойынша құжаттар
    Қылмыстық іс бойынша құжаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана қаласының ТЖД-і 4 бала қаза тапқан өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. ТЖД өкілдерінің мәлімдеуінше, өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады", - делінген Instagram-дағы парақшада жарияланған ресми хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Астанада жекеменшік үйдегі өрттен төрт бала қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Олардың жасы 2-ден 13 жасқа дейін болған — 2011, 2015, 2021 және 2022 жылдары туған.

    Елорда әкімдігі төрт бала қаза тапқан өрт оқиғасынан зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек көрсетілетінін хабарлады.

    Астанада 4 бала қаза тапқан өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram