jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте оқу-жаттығу кезінде жарық-шулы граната жарылып, екі курсант жарақат алды

    Полицейлер оқу-жаттығу кезінде
    Полицейлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкентте оқу-жаттығу барысында жарық-шулы граната жарылып, екі курсант жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл жайтқа қатысты ақпарат Telegram-дағы "Письма Президенту" арнасында жарияланды.

    "Кейбір дереккөздер шымкенттік полицейлер Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде күтпеген жерден жарық-шулы граната лақтырып жібергенін хабарлады. Салдарынан бес курсант жарақат алған. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Көп ұзамай оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

    "Бұл дерек жоспарлы оқу-жаттығу кезінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде ем қабылдауда. Олардың жағдайы тұрақты", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

    Шымкентте оқу-жаттығу кезінде жарық-шулы граната жарылып, екі курсант жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.