jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауыстар естіген": Оралда құдыққа түсіп кеткен ер адам құтқарылды

    Құтқарушылар жұмыс істеуде
    Құтқарушылар жұмыс істеуде. Фото: Telegram/ҚР ТЖМ

    Орал түрғыны үйінің жанында орналасқан канализациялқ құдыққа құлап кетті. Ер адамға құтқарушылар бірден көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға бүгін Орал қаласында Урдинская көшесінде орын алған. Белгілі болғандай, 1989 жылы туған ер адам үйінің маңындағы үш метрлік люкке құлады.

    "Жанынан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауыстар естіп, 112 қызметіне қоңырау шалды. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, альпинистік жабдықтардың көмегімен ер адамды люктен шығарды. Зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.