jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы метросында ер адам рельске құлап, мерт болды

    Метро қызметкерлері
    Метро қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматы метросында ер адам рельске құлап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі жәбірленушінің қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында түсірілген кадрлар мен оқиға туралы ақпарат Qumash Telegram арнасында жарияланды.

    "Алматыдағы "Абай" метро станциясында, куәгерлердің айтуынша, рельске адам құлап кетті. Жолаушылар оны шығару үшін вагонды итерген. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келді", - деп жазады автор.

    Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

    "Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қайғылы жағдай салдарынан 26 жастағы көзі нашар көретін мүгедектігі бар ер адам қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.