Оқыс оқиға

Зектілері

"Ақша тауып, ата-әжесіне көмектесті": "Қазақ зағиптар қоғамының" өкілі Алматы метросында қаза тапқан жігіт туралы айтты

Жарияланған күні:

Алматы метрополитені
Алматы метросы. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазақ зағиптар қоғамының" өкілі 10 желтоқсанда метроға мінбекші болып, рельске құлап мерт болған 26 жастағы жігіт туралы айтты. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

"Қазақ зағиптар қоғамы" өкілдері вагонға мінейін деп жатқанда рельске құлап, метрода мерт болған 26 жастағы жігіт туралы әңгіме қозғады. Олар метро зағиптар үшін өте ыңғайсыз көлік түрі дейді. Вокзалға кіре берістен вагондарға дейінгі жол да ұзақ. Олардың сөзінше, еріп жүретін адам болмаса көзі көрмейтіндер үшін бұл жерге жету өте қиын.

Қоғамдық ұйымның мәліметінше, марқұм болған Қанат Батқалғазы – талғардың тумасы. Жасөспірім кезінде оның көру қабілеті генетикалық бейімділікке байланысты күрт нашарлай бастаған. Оған 5-тен көп ота жасалған, бірақ көру қабілеті қалпына келмеген. Ол өте еңбекқор, компьютерінде орнатылған дауыстық бағдарламаны пайдаланып, 18 жасынан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Ақша тауып, ата-әжесіне көмектесті. Ол медициналық колледжде массажист мамандығы бойынша оқыды, дейді қоғамдық ұйым өкілдері.

Сондай-ақ "Қазақ зағиптар қоғамы" Алматыдағы өкілі соңғы кездері жер-жердегі скутерлерге қатысты шағымдардың көп түсетінін айтты. Айтуынша, көзі нашар көретін адамдар үнемі олардың үстінен құлап кетеді.

"Арыққа түсіп кетіп жатады. Көп жерлерде жол бойында зағиптарға таяқпен жүргенде бағдар беріп отыратын тактильді кедергілер жоқ", - дейді "Қазақ зағиптар қоғамы" Алматы қалалық филиалының төрағасы Алтынай Ибрагимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2199420-aqsha-tauyp-ata-azhesine-komektesti-qazaq-zagiptar-qogamynyng-okili-almaty-metrosynda-qaza-tapqan-zhigit-turaly-aitty/