jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде баланың қолы велотренажерде қысылып қалған

    Фото
    Фото: ТЖМ

    Ақтөбе қаласында қолы велотренажерде қысылып қалған 2009 жылы туған балаға көмекке келді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    ТЖМ ақпаратынша, 112 пультіне Ақтөбе қаласындағы ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінде 2009 жылы туған баланың қолы велотренажерде қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

    "Шақыру орнына келген қызметкерлер саймандардың көмегімен тренажерді ішінара бөлшектеп, баланың қолын босатып, оны жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", - делінген хабарда.

    Осы ретте министрлік өкілдері балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

    Еске салайық, ШҚО-да құтқарушылар аяғы газ баллонының тұтқасы мен редуктордың ортасына қысылып қалған сегіз жасар баланы құтқарып алған еді.

    Ақтөбеде баланың қолы велотренажерде қысылып қалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.