jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында шағын электр станциясында ер адам қаза тапты

    Шағын электр станциясындағы өрт
    Шағын электр станциясындағы өрт. Фото: t.me/mgorodkz

    Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе облысында шағын электр станциясында ауыл тұрғыны көз жұмды. Ер адам жарықтың болмау себебін анықтағысы келгенде, оны тоқ соққан, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

    Жергілікті басылымның мәліметінше, оқиға 31 желтоқсан күні кешке К.Нокин ауылында болған.

    "Жарық өшкен соң, тексеріп көру үшін 38 жастағы ер адам шағын электр станциясына барған. Оны электр тоғы соғып, қайтыс болды", - делінген хабарламада.

    Басылымның Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, шағын электр станцияда ер адамның денесі табылды деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Өлімнің алдын ала себебі - электр тоғының соғуы.

    Ақтөбе облысында шағын электр станциясында ер адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.