jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жезқазғанда қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды

    қоқыс контейнері
    Қоқыс контейнері. Көрнекі фото: pexels.com

    Желіде Жезқазғанда ер адамның бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл жайтқа қатысты Ұлытау облыстық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жезқазғандағы кісі өлімі туралы ақпарат Telegram-дағы "Криминалды Қазақстан" арнасында жарияланды.

    "30 қаңтарда түскі уақытта Жезқазған қаласында қоқыс контейнерінен аяғы жоқ 1985 жылы туған жергілікті тұрғынның бөлшектелген денесі табылды", - делінген жазбада.

    Ұлытау облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстың 30 қаңтарда Байқоңыров көшесіндегі үйлердің бірінде болғанын хабарлады.

    "Таныс адамдардың арасында жанжал туып, салдарынан кісі өлтіру оқиғасы болды. Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады, олар уақытша ұстау абақтысына қамалды", - дейді ведомстводағылар.

    Тергеу жүріп жатыр.

    Жезқазғанда қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.