Оқыс оқиға

Зектілері

Жеті адам қалды: Ұлытау облысында 640 метр тереңдікте шахта опырылды

Жарияланған күні:

Кенші
Кенші. Көрнекі фото: Juan Jose Napuri / Getty Images

Бүгін, 17 ақпанда Ұлытау облысындағы "Жомарт" кен орнында тау-кен массасы опырылды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство таратқан ақпаратқа сай, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы "Жомарт" кен орны шахтасында тау-кен массасы опырылған. ТЖМ дерегінше, оқиға орнында жеті жұмысшы болған.

"2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінде 640 метр тереңдікте шахтада тау массасының құлауы орын алды.

Құлау аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта "АСС Сериктес" ЖШС құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де "жедел желі" телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2221514-ulytauda-shahta-opyrylyp-tusti-onda-7-adam-bolgan/