jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте жеті жасар бала су толған шұңқырға құлап көз жұмды

    баланың аяғы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте 12 сәуірде бірінші сынып оқушысы көз жұмды - бала Тұран-1 шағын ауданында су толған шұңқырға құлаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, жеті жасар бала кешкі сағат 17:00 шамасында үйден шығып кеткен, бірнеше сағаттан кейін, шамамен 22:00-де оның денесі 2 метр терең су толған шұңқырдан табылған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлердің кәріз суына арналып қазылған, бірақ жұмыс тоқтап, шұңқыр ашық қалған. Уақыт өте келе ол ағынды суға толған.

    Телеарнаның хабарлауынша, тұрғындар қауіпті аумақты қоршау туралы өтінішпен жауапты органдарға бірнеше рет жүгінгенімен ешқандай шара қабылданбаған.

    Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

    Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Шымкентте жеті жасар бала су толған шұңқырға құлап көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.