jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды. Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды kazinform.kz Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім (2017 жылғы, 2019 жылғы және 2021 жылғы) жеткізілді. Өкінішке қарай балалар ес-түссіз, есін жимаған күйде көз жұмды", — делінген Меркі ауданы әкімдігі хабарламасында. ⠀

    Алдын ала тергеу мәліметінше, үйге оралған анасы газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген.

    19 сәуір күні аталған факті "Адам өлу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Әкімдік мәліметінше марқұм балалардың отбасына бұған дейін әлеуметтік көмек тұрақты көрсетілген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген.

    Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.

    "20 сәуір күні аудан әкімдігінің қолдауымен Ойтал ауылдық округінде жерлеу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда", — делінген хабарламада.

    Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.