Ақмола облысында жоғалған алты жасар баланың жансыз денесі 10 күннен кейін табылды
Опубликовано:
Читать на русском
10 мамырда Ақмола облысында жоғалған алты жасар баланың жансыз денесі табылды. Тәртіп сақшылары, ТЖД қызметкерлері мен еріктілер бүлдіршінді 30 сәуірден бері іздеген, деп хабарлайды облыстық полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың денесі 10 мамырда Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.
Полицейлердің айтуынша, кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама полиция бөліміне 30 сәуірде түскен.
"10 күннен астам уақыт бойы жоғалған баланы полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, еріктілер мен оқиғаға бей-жай қарамаған азаматтар іздестірумен болды. Арыз келіп түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полицейлер.
Жақыныңыз жоғалса, не істеу керек
"Электрондық үкімет" сайтында егер адам із-түссіз жоғалып кетсе, бірінші кезекте полицияға "102" телефоны арқылы немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне бару арқылы хабарлау керектігі жазылған.
Құқық қорғау органдарына ұсыну қажет маңызды ақпарат:
- хабарсыз кеткен адамның жеке мәліметтері - аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шашының түсі, меңі, тыртығы немесе татуировкасы сынды ерекше белгілері;
- адамның қандай жағдайда жоғалып кеткені туралы мәліметтер.
Егер кішкентай бала жоғалған болса, онда полицияға дереу хабарласуыңыз керек. Полиция адамның хабарсыз кету ұзақтығына және қай жерде жоғалғанына қарамастан, арызды бірден қабылдап, тіркеуге міндетті. Мұндай арызды беру мерзіміне қатысты ешқандай шектеу жоқ.
Адамның жоғалып кеткеніне 3 күн өткеннен кейін ғана хабарласуға болады деп ойлау қате.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2243727-aqmola-oblysynda-zhogalgan-alty-zhasar-balanyng-zhansyz-denesi-10-kunnen-keiin-tabyldy/