jitsu gif
Оқыс оқиға

    Мысыр әуежайында қазақстандық әйел қаза тапты: оның үстіне жарнама тақтасы құлаған

    Әуежайдағы күту залы
    Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шарм-Эль-Шейх әуежайында Астанаға дейін баратын DV5270 рейсіне отырар кезде үш қазақстандық әйелге жарнама тақтасы құлады. Салдарынан бір әйел қаза тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Instagram-дағы Pro_Astanu паблигінде Шарм-эн-Шейх халықаралық әуежайында Астанаға ұшқалы отырған Қазақстан азаматтарына жарнама тақтасы құлағаны туралыы ақпарат тараған.

    ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше Шарм-эш-Шейх әуежайында болған. Рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлаған. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алды.

    "Мерт болған адамның туыстарымен байланысқа шықтық, оларға барлық мәселе бойынша консул көмек көрсетіп жатыр. Зардап шеккен екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мысыр тарапы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, шын жүректен өкініш білдірді. Мысырдың азаматтық авиация министрі болған оқиғаны өзінің жеке бақылауына алып, бірден арнайы комиссия жіберді", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.