jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Бұл мәселе назарымызда": СІМ өкілі Мысырда қазақстандық әйел қаза болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

    Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәжіліс кулуарында Мысырда қазақстандық әйел қаза болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қуантыровтың айтуынша, марқұмның денесі бүгін елге жеткізілмек.

    "Бүгін марқұмның денесін барлық қажетті рәсімнен кейін елге жөнелту жоспарланып отыр. Менің білуімше, шығындарды Мысыр тарабы өтейді. Моральдық өтемақы бойынша да мәселе шешілді", - деді ол.

    Сондай-ақ вице-министр аталмыш саяхаттың сақтандыру шығындарын жапқан қазақстандық сақтандыру компаниясы да көмектесіп жатқанын атап өтті. 

    Вице-министрдің сөзінше, Шарм-эш-Шейх әуежайында жеңіл жарақат алған тағы екі әйел Қазақстанға оралған.

    Сонымен қатар СІМ өкілі оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылғанын айтты.

    "Мысырдың Азаматтық авиация министрі бұл мәселені бақылауында ұстап отыр, сол күні бірден арнайы комиссия жіберді. Әрине, біздің консулдық та көмектесіп жатыр, мәселені бақылауда ұстап отыр", - дейді вице-министр.

    Әлібек Қуантыров бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па оны нақты білмейтінін жеткізді.

    "Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі тарабынан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазір тергеу жүруде. Қылмыстық іске қатысты ештеңе айта алмаймын, себебі, негізі алдын ала тергеу болады.

    Егер, толыққанды тергеу болса, Қазақстан тарабы қатысады деп ойлаймын. Бұл мәселе үнемі назарымызда", - дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

    Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырда Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласындағы әуежайда рейсті күтіп тұрған қазақстандық әйелдің үстіне жарнама тақтасы құлап, қаза болғаны хабарланған еді.

    Марқұммен бірге тағы екі Қазақстан азаматының зардап шеккені белгілі болды.

    Кейін SCAT әуекомпаниясының өкілдері қайғылы жайтқа қатысты пікір білдіріп, зардап шеккен жолаушылардың жағдайын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.