jitsu gif branding logo appbranding logo app

    БАҚ: Таиландта қазақстандық турист қаза тапты

    Таиланд
    Таиланд. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Таиланд басылымдарының бірінде Пхукет жағажайында ер адам қайтыс болғаны хабарланды. Кей деректер бойынша марқұм Қазақстан азаматы. Бұл ақпаратқа Қазақстан СІМ пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Новости Пхукета" басылымының сайтында Қазақстан азаматтының қайтыс болғаны жазылды. Басылым дерегінше, оо Карон жағажайында 11 маусым күні суға батып кеткен. Басылым туристің өлімін растаған жергілікті полиция рапортына сүйене отырып хабарлаған.

    Мақалада құтқарушылар ер адамды жағажайдан 200 метр қашықтықта байқағаны, бірақ ер адамды судан шығарған кезде ол тыныс алмай жатқаны баяндалған. Ол аурухана жеткізілгенімен, суға батқан ер адамды құтқару мүмкін болмаған. NUR.KZ тілшісі Қазақстанның СІМ-не пікір сұрап жүгінді. Алайда ведомство өкілдері әзірге ешқандай ақпаратты жоқ екенін жеткізген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.