jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті

    Демалушылар
    Көрнекі фото: pexels.com

    Алматыдағы Сайран көлінен тағы бір ер адамның денесі табылды. Куәгерлер ер адам мас күйінде көлге түскен, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 19:26-да сүңгуірлер 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, марқұм мас күйінде тыйым салынған жерде суға түскен.

    Осыған дейін республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жасөспірімнің денесін судан алып шыққан болатын. Ведомство өкілдері Сайран көлінде шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Оның аумағында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Құтқарушылар Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, ескерту белгілеріне назар аударуға және өмір мен денсаулықты қорғауға шақырды.

    Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.