jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    СҚО-да кәсіпорын аумағындағы төтенше жағдайдан 8 адам зардап шекті

    Кәсіпорын аумағындағы өрт
    Кәсіпорын аумағындағы өрт. Видеодан кадр: tiktok.com/@_kazahka_

    СҚО-да кәсіпорында аумағында болған төтенше жағдайдан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусымда сағат 16:17-де Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандағы кәсіпорындардың бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт шығып, кәсіпорынның екі жинақтағышы жарылған, артынан Volvo маркалы газ автоцистернасы жанған.

    Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлерімен басқа да шұғыл қызмет өкілдері жеткен.

    Оқиға салдарынан 8 адам зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілген.

    Бұл факті бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Тайынша ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне берілген.

    @_kazahka_ #пожар #ско #тайынша #казахстан #завод #китайскийзавод #заправка #безопасность #рекомендации ♬ Valor - Karlo

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.