jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодар облысындағы дауыл салдарынан тағы бір әйел қайтыс болды

    ауруханада жатқан әйел
    Ауруханада жатқан әйел. Иллюстрациялық фото: Carlos Pascual / Getty Images

    Павлодар облысындағы дауыл салдарынан тағы бір әйел қайтыс болды. Оның үстіне үйінің ауласындағы ағаш құлаған, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусымда жедел жәрдем бригадасы Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жарақат алған 76 жастағы әйелді жеткізген.

    Зардап шегуші үстіне жеке үйінің ауласындағы ағаш құлап, басып қалғанын айтқан. Көптеген жарақат алған пациент жансақтау бөліміне жатқызылған.

    "Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығынан, сондай-ақ созылмалы аурулардың (жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті) салдарынан пациенттің жүрегі тоқтап қалды", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

    Дәрігерлер пациент жансақтау бөліміне жатқызылғаннан кейін бесінші күні оның өлімін тіркеген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 19 маусымда Павлодар облысында болған қатты дауыл салдарынан бір адам қайтыс болып, тағы 10-нан аса адамның зардап шеккенін жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.