jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бельгия азаматы оқыс жағдайға тап болып, қазақстандық құтқарушылардың көмегіне жүгінді

    Құтқару сәті
    Құтқару сәті. Кадр: t.me/qr_tjm

    Іле Алатауы тауында, Молодежный асуында төтенше жағдай болды. 45 жастағы Бельгия азаматы тауға көтерілу кезінде аяғын сындырып, сапарын жалғастыра алмай қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, оның жұбайы 112-ге қоңырау шалып, көмек сұраған. Көмекке ТЖМ құтқарушыларының екі тобы "Тұйық-Су" және "Мұзтау" бақылау-құтқару пункттерінен шықты.

    ️Олар жәбірленушіге үш сағат ішінде жетті. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ең қиыны тау соқпағымен жаяу түсу болды. Түсіру бес сағатқа жуық уақыт алды.

    Нәтижесінде ер адам Медеу бөгетіне жеткізіліп, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Олар оны Алматыдағы ауруханаға жеткізді.

    "Осындай операциялар — құтқарушылардың төзімділігі мен кәсібилігін сынайды. Олардың жұмысы — бұл біреудің өміріне төнген күнделікті қауіп", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Бельгия азаматы оқыс жағдайға тап болып, қазақстандық құтқарушылардың көмегіне жүгінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.