jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жетісу облысында әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз оқ жарақатынан қаза тапты

    Сарбаз
    Сарбаз. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    23 қыркүйекте Жетісу облысындағы әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз оқ жарақатын алып, қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгерлік дайындық кезінде Жетісу гарнизоны Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мерзімді әскери қызметшісі қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан өлімге әкеп соқтырған оқ жарақатын алған.

    "Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Лауазымды тұлғалардың салғырттық танытқаны немесе бақылаудың болмағандығы анықталса, кінәлілер қатаң жазаға тартылады. Оқиға Қазақстан Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

    Қарулы Күштер басшылығы жауынгердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

    Жетісу облысында әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз оқ жарақатынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.