"Балтыры жараланған": Ұлттық ұлан әскери қызметшісі атыс қаруынан жарақат алды
Опубликовано:
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісі атыс қаруынан жарақаттанғанын хабарлады. Бұл туралы "Қазақпарат" жазады.
Оқиға 2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:05 шамасында болған.
5571 әскери бөлімнің оқу полигонында жоспарлы жаттығу аясында атыс өткізілген кезде 2-2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы Г. қауіпсіздік ережесін бұзып, АК-74 атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жаралаған.
"Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған", - делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2331042-baltyry-zharalangan-ulttyq-ulan-askeri-qyzmetshisi-atys-qaruynan-zharaqat-aldy/