jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қосшыда сабақ үстінде қыз бала көз жұмды

    дене шынықтыру
    Дене шынықтыру сабағы. Көрнекі фото: pexels.com

    Қосшыда қыз бала жаттығу кезінде өзін нашар сезініп, көз жұмды. Полиция оқиғаны тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Telegram желісіндегі HALYQSTAN арнасы Қосшыда қоғамдық мәдени-спорт кешенінде жаттығу жасап жүрген кезінде 10 жастағы баланың қайтыс болғаны туралы жазды.

    "Қыз бала "демікпе" диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Сабақ кезінде ол кенет өзін жайсыз сезіне бастаған. Жедел жәрдем шақырылған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оның жағдайы одан сайын нашарлай берді. Жедел жәрдемге барлық қажетті жабдықтары бар реанимобиль қажеттігін айтып, қайта қоңырау шалынған. Көрсетілген көмекке қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген жазбада.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне кәмелетке толмаған баланың өлімі туралы ақпаратты растады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған қыздың денсаулығы сабақ кезінде нашарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

    Ведомстводағылар тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

    Қосшыда сабақ үстінде қыз бала көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.