jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақмола облысында 5 жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап көз жұмды

    терезе алдында тұрған бала
    Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: Ekaterina Vasileva-Bagler/Getty Images

    Степногорскте 5 жасар бала алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді, дәрігердер оны аман алып қала алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 13 сәуірде Степногорскте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2020 жылы туған бала көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлап кеткен.

    Ауыр жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады.

    Полиция бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда, нәтижесі бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.

    Полиция мұндай жазатайым жағдайлар әдетте күннің жылынуымен жиілейтінін атап өтті. Бұл қайғылы оқиғалардың негізгі себептері: ересектер тарабынан тиісті бақылаудың болмауы, ашық қалған терезе және балалардың терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін жиһаз.

    Биыл облыста балалардың терезеден құлауына қатысты бес жағдай белгілі болды, оның бірінде бала өлімі тіркелді.

    Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, атап айтқанда, кішкентай балаларды аз уақытқа болса да қараусыз қалдырмауға шақырады. Масаға қарсы торға сенуге болмайды, себебі олар баланың салмағын көтере алмайды.

    Полиция қызметкерлері арнайы терезе құлыптарын, фиксаторлар және терезе ашылуын шектейтін құрылғыларды орнатуды, балалардың терезе алдыларына шығуына мүмкіндік беретін жиһаздарды алып тастауды және балалардың терезе алдына немесе ашық терезелердің жанында ойнауына жол бермеуді ұсынады.

    Ақмола облысында 5 жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.