jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақсудағы зауытта жұмысшы қаза тапты

    қолына каска ұстаған жұмысшы
    Каска. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақсудағы ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 20 сәуірде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазхромға" сілтеме жасап.

    Зауыттың Instagram-дағы парақшасының хабарлауынша, 2026 жылғы 20 сәуірде Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау кезінде жазатайым оқиға болған. Салдарынан темір ұсатушы оқиға орнында қаза тапты.

    Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары басталды.

    "Қазхром" ТҰК" АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

    Компания отбасына қажетті көмек көрсететінін жеткізді.

    Ақсудағы зауытта жұмысшы қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.