jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    СҚО-да кәріз құдығынан екі жұмысшының денесі табылды

    кәріз құдығы
    Көрнекі фото: 24.kz

    Солтүстік Қазақстан облысында өндірісте жазатайым оқиға салдарынан екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды "Қазақпарат".

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, оқиға Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында орналасқан "Айыртау-Коммун-Сервис" ЖШС аумағында болған.

    22 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де кәсіпорынның кәріз сорғы станциясында 50 жастағы слесарь Дмитрий Титарев пен 48 жастағы электрик Владимир Прохоров мерт болды. Олардың денелері нысан аумағындағы құдықтан табылды.

    Мамандардың болжамынша, жұмысшылардың өліміне белгісіз газдардан улану себеп болуы мүмкін. 

    Аталған дерек бойынша жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне ресми түрде хабарлама жолдаған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылатын болады.

    Құзырлы органдар өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты зерттемек.

    СҚО-да кәріз құдығынан екі жұмысшының денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.