jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырау облысында балалар дер кезінде полиция шақырып, аналарын құтқарып қалды

    есікті ашып жатқан полицейлер
    Есікті ашып жатқан полицейлер. Видеодан кадр: Атырау ПД

    Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында балалар дер кезінде полиция хабарласып, аналарын құтқарып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәлімет бойынша, 22 сәуір күні кешкі уақытта балалар үйлеріне кіре алмай тұрғанын айтып, полицияға жүгінген.

    Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне көршілер пәтерден газдың иісі шығып жатқанын айтқан. Қауіптің жоғары екенін түсінген тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, пәтер есігін бұзып ішке кірген.

    Пәтерден ес-түссіз жатқан әйел табылып, полицейлер жедел-жәрдемді күтпестен оны қызметтік автокөлікпен ауруханаға жеткізген.

    Тексеру барысында пәтердің ас бөлмесінде газ плитасының бұрандалары ашық қалып, газдың таралғаны анықталған. Полиция қызметкерлері оқиға орнында қауіпсіздік шараларын қабылдап, газ-авариялық қызметті шақырған.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Атырау облысында балалар дер кезінде полиция шақырып, аналарын құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.