Шымкентте 2 жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Жарияланған күні:
Шымкентте 2024 жылғы кішкентай қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті. Құдық жеке үй аумағында орналасқан. Құтқарушылар қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның нақтылауынша, Шымкент қаласының "112" пультіне Қаратау ауданы Құдайбергенов көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағында үлкендердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дереу жіберілді.
Құдықтың тереңдігі шамамен 24 метрді құрайтыны анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтардың көмегімен құдыққа түсіп, баланы жоғарыға аман-есен шығарып алды. Бүлдіршін одан әрі тексеру жүргізу үшін жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2370123-shymkentte-2-zhasar-qyz-24-metrlik-qudyqqa-qulap-ketti/