Қызылорда облысында жоғалған 6 жасар қыздың денесі өзеннен табылды
Жарияланған күні:
Қызылорда облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың денесі Әйтек су торабынан ағыспен төмен қарай 30 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың денесі Сырдария өзенінен табылған. Құтқарушылар мәйітті су айдынынан шығарып алған.
Еске сала кетейік, 6 жастағы қыз 5 маусымда кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан "Рисмаш" ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздеу операциясы басталған еді.
Іздеу жұмыстарына дрондар, қызметтік иттер, қайықтар мен сүңгуірлер тартылды. Мамандар өзен бойын, жағалауды және оған іргелес аумақтарды бірнеше тәулік бойы тексерді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2385444-qyzylorda-oblysynda-zhogalgan-6-zhasar-qyzdyng-denesi-ozennen-tabyldy/