Қарағанды облысында 15 жастағы қыз суға кетті
Жарияланған күні:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында су айдынында қайғылы оқиға болып, кәмелетке толмаған қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды kazinform.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ жасөспірім ересектердің қарауынсыз өзен жағасында болған және тыйым салынғанына қарамастан суға түскен.
Оқиға орнына келген құтқарушылар шамамен 4 метр тереңдікте, жағадан 20 метр қашықтықта қыз баланың денесін тапты.
Айта кетейік, аталған учаскеде шомылуға тыйым салатын белгі 2 маусым күні орнатылған. Сондай-ақ жазғы демалыс басталар алдында мектептерде оқушылармен судағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Мамандар қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салады: тыйым салынған жерлерде шомылмау, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және ескерту белгілеріне назар аудару қажет.
Мұндай қайғылы жағдайлардың басым бөлігі судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан орын алатыны атап өтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2386374-qaragandy-oblysynda-15-zhastagy-qyz-suga-ketti/