Түркістан облысында құтқарушылар сәбиді әжетханадан шығарып алды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында құтқарушылар әжетханаға түсіп кеткен сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
112 пультіне Түркістан облысының Темірлан ауылында 2025 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы дала әжетханасына құлап кетіп, оны шығара алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жіберілді. Құтқарушылар баланы абайлап шығарып алып, 103 қызметінің мамандарына тапсырды.
ТЖМ балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауды ескертті", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2386416-turkistan-oblysynda-qutqarushylar-sabidi-azhethanadan-shygaryp-aldy/