Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім суға батып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
БҚО-да шомылуға арналмаған жерде суға түскен үш жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 маусымда кешке Жәнібек ауданы Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші Өзен өзенінде болған.
БҚО ТЖД 112 жедел кезекшісінің пультіне аудандық полиция бөлімінен 2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірімнің арнайы жабдықталмаған әрі шомылуға арналмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған аумақта суға түсуге тыйым салынғаны туралы ескерту белгісі орнатылған.
Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген.
Алайда ТЖМ бөлімшелері жеткенге дейін қаза болған жасөспірімдердің денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2386514-bqo-da-ush-zhasospirim-suga-batyp-ketti/