Ақтөбе облысында бір күнде үш адам суға батып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбе облысында бір күнде үш адам суға батып кетті. Қайғылы жағдай Қобда, Темір және Мұғалжар аудандарында болды, деп хабарлайды Kazinform.
Басылым мәліметінше, үшеуін де судан куәгерлер шығарып алған.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қобда ауылынан 4 шақырым жердегі су басқан аумақтан 1969 жылы туған адамның денесі табылды.
Сондай-ақ Темір ауданының Кеңқияқ ауылында Темір өзенінен 1995 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ал Мұғалжар ауданының Ембі қаласында Жем өзенінен 1984 жылы туған ер адамның денесі табылды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Марқұмдар қандай жағдайда суға батып кеткені әзірге белгісіз.
Сондай-ақ олардың бірі алкогольдік ішімдік тұтынғаны анықталды.
"Оқиға орындарында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Әр істің мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2390417-aqtobe-oblysynda-bir-kunde-ush-adam-suga-batyp-ketti/