jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сәтбаевта үш жасар бүлдіршін терезеден құлап көз жұмды

    терезе алдында тұрған бала
    Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: Ekaterina Vasileva-Bagler/Getty Images

    Сәтбаев қаласында үш жасар бүлдіршін көз жұмды. Баланың өмірін қиған – бір сәттік бейқамдық, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Сәтбаев қаласы аумағында жаз мезгілі басталғалы бері екі жағдай тіркелді.

    "Өкінішке қарай бір бала көз жұмды, екіншісі медициналық мекемеде ем алып жатыр. Құрметті ата-аналар, қала тұрғындары Сәтбаев қаласының төтенше жағдайлар бөлімі бала өміріне жауапкершілікпен қарауды сұрайды", - деді Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Әнел Қадырғали.

    Мамандардың мәліметінше, былтыр Сәтбаев қаласында 8 адам терезеден құлаған. Ал өткен екі аптада 3 оқиға тіркелді. Оның екеуі де – кішкентай бала, үшіншісі – жасөспірім. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайда көбіне бас сүйек-ми жарақаты, ішкі ағзалар зақымданады. Жаны аман қалған күннің өзінде сал болып қалуы әбден мүмкін.

    "Өкінішке қарай кеше ғана 3 жастағы баланың төртінші қабаттың терезесінен құлағаны туралы шақырту түсті. Бала оқиға орнында көз жұмды. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатып, балаларды бақылаусыз қалдырмау қажет", - деді Сәтбаев қалалық Жедел жәрдем қызметінің фельдшері Светлана Воробьева.

    Сәтбаевта үш жасар бүлдіршін терезеден құлап көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.